22.11.2024

Теміртауда республикалық Президенттік олимпиада өтті

Теміртауда ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика пәндері бойынша ХІ Президенттік олимпиада өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олимпиадаға Республиканың барлық облыстарынан он бірінші сынып оқушылары қатысты. Олардың жұмыстарын халықаралық және Президенттік Олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарының PhD докторлары бағалады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдары қазылар алқасының құрметті мүшелері болды.

Олимпиаданың жабылу салтанаты жұма, 16 қараша күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

Төрт қарағандылық олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды: Алтын Аманболды (Балқаш қ. №2 мектеп-лицейі), Әлихан Мәжікен («Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты), Карина Беисова (Қарағанды қ. №2 лицейі) және Дінмұхамед Байжомарт (Жезқазған қ. «Білім-Инновация» лицей-интернаты).

ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне республикамыздың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу кезінде білім гранттарын алуда басымдықтар беріледі.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА