22.11.2024

Шымкенттік мұғалімдерге сыйлық алуға тыйым салынбақ

Шымкенттік мұғалімдерге мереке күндері сыйлық алуға тыйым салынбақ. Бұл мәселе ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қалалық департаменті және білім басқармасы бірлесе өткізге жиында сөз болды.

Басқосуда сөз сөйлегендер  біреуді жазаға тарту емес, жемқорлық әрекеттерді алдын алу қажеттігін түсіндірді. Қаладағы білім ордаларының басшылары мен қызметкерлерін мереке күндері жаппай сыйлық алмауға шақырды.

«Бұл жиынды ұйымдастыруға ата-аналардан үздіксіз ақша жинау фактісі, мектептердегі ақша жинау, мұғалімдер жалақылар уақытылы төленбеуі, директорлардың өкілеттіліктерін асыра пайдалануы, сонымен қатар, мерекелерде сыйлық алу негіз болып отыр. Осы ретте  «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында  білім ордаларының басшылары мен мұғалімдерді  алдағы келе жатқан мерекелерде жаппай сыйлық алмау акциялары ұйымдастыруды ұсынамын» – деді Департамент басшысының орынбасары Айбек Шілманов.

Басқосуда  материалдық сыйақылар алған жағдайда мұғалімдердің жауапкершілігін ескерілетіні айтылды.

Жиында сонымен қатар, білім саласында анықталған кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық фактілер жайы талқыланды. Іс-шараға қатысушылар білім ордаларындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға уағдаласып, қай кезде болса да сыйлықтар алмау бойынша бір келісімге келді.

Айнұр Ақбаева

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА