Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне Шер Раисаны шақырылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтардың шешілуіне ат салысуда. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату қажет», – деді Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев.
Өз кезегінде, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шер көрсетілген сенім үшін Министрге алғыс білдіріп, жұмысқа дайын екендігін жеткізді.