22.11.2024

«Соңғы мұғалім» фильмі Түркиядан жүлдемен оралды

Жас режиссер Ален Рахметалиев түсірген «Соңғы мұғалім» атты қысқаметражды көркем фильмі Түркияның Стамбул қаласында желтоқсанның 14-і мен 16-ы аралығында өткен Dostluk Kısa Film Festival халықаралық кинофестивальінде екінші орынды иеленді.

Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмде жуас химия пәнінің мұғалімі Ержан Қайдарұлының өмірі баяндалады. Оның сабақтарында оқушылар үнемі шулап отырады. Бір күні жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген ұлын қорғамақ болған ұстаз олармен күреспек болады.

– Бұл фестиваль ауқымды байқаулардың бірі. Иран, Қырғызстан, Түркия, Франция, Италия, Бельгия және Швеция сынды елдердің фильмдері қатысты. Осы фестивальге қатысқанымның өзі жеңіс деп санаймын. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қонақтары қазақ киносына ерекше қызығушылық танытқандары өте қуантты, – деді режиссер Ален Рахметалиев.

Dostluk Kısa Film Festival кинофестивалі достыққа негізделген, адамзат пен ғаламның арасындағы байланысты  насихаттайтын киноның барлық жанры мен форматын өз аудиторисына ұсынатын бірден бір фестиваль.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА