22.11.2024

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы полицейлері мектеп оқушыларына нұсқау берді

Жаңа жыл мересі қарсаңында Алматы полицейлері мектеп оқушыларына нұсқау берді, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ең алдымен, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары оқушыларға қоғамдық қауіпсіздіктің шаралары мен қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері туралы ескертті. Бұдан өзге олар балаларға, отшашуды және басқа тұтанғыш заттарды пайдалану ережелерін бұзу салдарынан туындауы мүмкін зардаптар туралы ескертті.

«Қалада кәмелетке толмағандарды заңгерлік жағынан барынша оқыту әлі де жалғасуда. Мектеп оқушыларымен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша әңгімелесеміз, орта мектептерде оқушылар арасында заңға бағынышты мінез-құлықты қалыптастыру арқылы заңның үстемдігін сақтау мен нығайтуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар кешені туралы сөйлесеміз. Бұдан басқа, диалогтар азаматтың, қоғамның және мемлекеттің құндылықтары туралы әңгімелерге негізделген.

Алмалы ауданының ювеналды полиция қызметкерлерінің кезекті сапары Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда өтті. Дәріс барысында оқушылар қоғамда дұрыс әрекет етуді, қауіпті жағдайда не істеуге болатындығын және кез келген құқықбұзушылықтың жауапкершілікке әкелетінін білді. Біз оқушыларды бөтен адамдармен кездесу кезінде өте мұқият болуға шақырдық және олар көмекке жүгіне алатын «102» нөмірі жайында еске салдық», – деп хабарлады, Алматы қалалық ПД ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА