Биыл елордада 8 мектеп оқушылар игілігіне беріледі. Ал өткен жылы 4,4 мың орынға лайықталған 4 мектеп ашылған болатын, деп хабарлайды Қазбілім қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі оң шешімін тауып отыр. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 2016 жылы 70,6%, 2017 жылы 78% құраса, 2018 жылы ол 90% дейін өскен болатын. Бұл ретте жеке секторды тарту шаралары маңызды рөл атқарды. Ол қамтылған балалардың жалпы санының 30%-ын құрайды.