22.11.2024

Ақмола мектептерінің 86,3 пайызында ғана ыстық тамақ ұйымдастырылған

Ақмола облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 86,3 пайызында ғана оқушыларға ыстық тамақ беру ұйымдастырылған бұл туралы Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Білім» бағыты бойынша партия кураторы өңірлік комиссиясының кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Қазбілім порталы Қазақпарат агентігіне сілетеме жасап.

Жиында жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, 2018-2019 оқу жылында облыс бойынша барлығы 560 жалпы білім беру мекемесі тіркелген. Оның 555-і жергілікті атқарушы органдардың басқаруында болса, бесеуі облыстық мектеп интернат.

«Қазіргі таңда 555 мектептің 479-ында немесе 86,3 пайызында ыстық тамақ ұйымдастырылған. Атбасар, Есіл, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларындағы жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылар толық ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету дені сау ұрпақ тәрбиелеуде аса маңызды мәселе болып отырғанымен, кейбір аудандарда бұл жұмыстар әлі де көңіл көншітпейді», – дейді Валерий Гамазов.

Басқарма басшысы орынбасарының сөзіне сенсек, Астрахан, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарында жергілікті атқарушы билік аз қамтамасыз етілген отбасының балаларын ғана толық ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Ал, жалпы көрсеткіш бұл аудандарда көңілден шықпайды. Тіпті, Астрахан ауданындағы Толқынкөл ауылындағы негізгі мектепте оқитын 13 оқушының ыстық тамақпен қамтылмағаны анықталып отыр.

Отырыста «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бұл кемшіліктердің нақты себептерін анықтап, оны шешу жолдарын бірлесіп қарастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жиында ыстық тамаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, осыған қатысты нормативтік құжаттар және оқушылардың нәрлі тағамдармен тамақтану мәселелеріне де назар аударылды.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА