Біріншісі және ең маңыздысы – ҰБТ форматы бойынша бұрыңғыдай қалады және формат бойынша өзгерістер болмайды.
Пәндердің саны бұрыңғыдай 5 және тест тапсырмалары – 120, максималды баллдар саны – бұрыңғыдай, өзгермеген, 140.
Талапкер әдеттегідей 3 міндетті пәндерді тапсырады:
– Қазақстан тарихы,
– математикалық сауаттылық,
– оқу сауаттылығы.
Және өзі таңдаған мамандық бойынша 2 салалық пәндер.
Екіншісі.
2019-шы жылдан бастап енді ҰБТ жылына 4 рет өткізілетін болады: қаңтар, наурыз, маусым және тамызда. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 3 рет болатын: маусым, тамыз, қаңтарда.
Қаңтардағы, наурыздағы және тамыздағы ҰБТ-ге қатысқан талапкерге сертификатпен ЖОО-ның тек ақылы бөлімдеріне ғана түсуге құқық береді, ал тестіге қатысу ақылы болады.
Осы үш тестілеудің нәтижесі бойынша басқа үлгідегі сертификаттар беріледі, жәнеде олар грант алуға жарамайды.
Егер талапкер мемлекеттік грант алғысы келсе, онда ол міндетті түрде маусымда ҰБТ тапсырып, тек соның қорытындысы бойынша ғана грант байқауына қатыса алады, және де жоғары балл жинаған кезде ғана бюджет есебінен білім ала алады.
Ақылы бөлімге түсу үшін талапкерлерге 4 ҰБТ біріне қатысып, шекті балл жинаса жеткілікті.
Мысалы, талапкер қаңтардағы ҰБТ қатысып, 120 балл жинайды – енді ол 1-ші ақпанда ЖОО қабылдау комиссиясына барып, бірден шартты түрде ақылы бөлімге тіркеле алады, ал егер соңыра грант алғысы келіп, маусымда ҰБТ қатысып 50 балл жинаса, онда ол қаңтардағы 120 балл жинаған сертификатын көрсетіп, грантқа үміттене алмайды. Грант үшін ҰБТ маусымдағы нәтижесі ғана жарамды, сондықтан ол ақылы түрде оқуға түсе алады.
Үшіншісі.
Қаңтарда ҰБТ-ге 3 санаттағылар қатыс алады:
1. 11 немесе 12 бітіруші сыныптардың оқушылары;
2. қыркүйекте ЖОО-на шартты түрде оқуға түскендер;
3. шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысып жатқан студенттер.
Наурызда ҰБТ тек 11 немесе 12 бітіруші сыныптардың оқушылары ғана тапсырады.
Маусымда грантқа үміткер барлық санаттар тапсыра алады.
Тамызда – ақылы бөлімге түсетіндер және осыған дейін қажетті балл жинай алмағандардың барлығы.
Төртіншісі.
Шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер үшін екі салалық пән бойынша емтихан тапсырулары керек. Себебі олар шығармашылық мамандықтарға оқуға түскенде салалық пәндер бойынша тестілер тапсырмаған, сондықтан бұл мамандықтардан ауысу кезінде осы айырмашылықты тапсырулары тиіс.
Барлық түлектерге сертификаттармен бірге ақпараттық парақшалар беріледі, онда сіз құжатттар тапсыра алатын білім беру бағдарламаларының тізімі; ағымдағы жылы бөлінетін гранттар саны; өткен жылдардағы гранттық байқаулардың нәтижелері және өткен жылдық жартылай шекті баллдары көрсетілген. Бұл құжатқа назара аудару керек.
Бесіншісі.
Дайындық бағыттарының жаңа топтаушысы.
Жаңа топтаушының енгізілуіне байланысты гранттар білім беру бағдарламалар топтарына бөлініп таратылады.
Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» секілді топ бар, оның құрамына Информатика, Ақпараттық жүйелер, Блогчейн, Биг дата және т.б. ақпараттық бағдарламалар енетін топтар бар.
Айталық, бұл топқа 1 000 грант бөлінді делік, бұл гранттарға байқау осы топты көрсеткен топтар шеңберіндегі үміткерлер арасында өтеді. Үміткерлерге осы топ бойынша грант үлестірілген соң, ол университетке қабылданады және осы бағдарламалар топтарының шеңберінде нақты бағдарламаны өзі таңдайды. Яғни, егер Ақпараттық технологиялар бойынша грант ұтып алса, кейін Биг дата немесе осы топ ішіндегі басқа да бағдарламаны таңдай алады.
Асхат Аймагамбетов