22.11.2024

Павлодар облысында қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін 1200-ге жуық түлек өтініш берген

Өңірде ақылы түрде өтетін ҰБТ 18-19 қаңтар күндеріне жоспарланып отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысын талқылау жөніндегі жиында Павлолдар облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев қаңтардағы тестілеу аймақ бойынша бес орында өтетінін атап өтті.

«Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа үлгіде өтуде. Жылына төрт рет өтетін болады. Қаңтардағысы 15-20 аралығына белгіленді. Одан кейін наурыз, маусым-шілде және тамыз айында өтпек. Облысымызда оқушылар қаңтардағы тестілеуді екі лекпен тапсырады. Бірінші лекте С.Торайғыров атындағы ПМУ мен Сәтбаев атындағы Екібастұз техникалық институтында тапсырса, екінші лек ПМПУ және Баянауыл мен Ертіс ауданында өтеді. Тестілеуге 11-сынып және белігленген бағдарламамен 12-сыныпта білім алып жатқан оқушылар қатыса алады. Өңірімізде бұл жолғы тестілеуге қатысу үшін 1200-ге жуық бала өтініш берді. Қазіргі уақытта Баянауыл ауданынан бір оқушы бас тартты», – деді Еркімбек Аязбаев.

Еркімбек Аязбаевтың айтуынша, ақылы түрде тестілеуге қатысу үшін оқушы 2500 теңге шамасында төлеуі тиіс.

«Өткен жылы тестілеу кезінде ИнЕУ-де ұстаздардың көмектескені жөнінде және Баянауыл ауданында ақша жинағаны туралы шу шыққан болатын. Біздің міндетіміз осындай олқылықтарға жол бермеу. Тестілеу орындары байланысты үзу құрылғылары, бейнебақылаулар сияқты барлық жабдықтармен қамтылады. Тексеру барысында алынған заттар мен бейнбақылау жазбасы Ұлттық тестілеу орталығына тапсырылады», – деді департамент басшысы.

Айта кетейік, қаңтар айындағы тестілеуге қатысатын түлектер ақылы оқу түріне түсу үшін тапсырады. Тестілеуден өткендер ақпан айынан бастап ЖОО орынының студенті атануға өтініш жаза беруіне болады.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА