22.11.2024

ҰБТ-ға дайындайтын орталықтардың жұмысына талдау жүргізіледі

“Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесі мектеп пен колледж түлектерін тестілеуге дайындайтын орталықтардың жұмысын талдайды”. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.

“Астана – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің білім беру бағыты аясында жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға, колледж түлектерін – кешенді тестілеуге дайындау процесіндегі жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылы ҚР колледждеріндегі мемлекеттік грантты бөлу сапасы туралы толассыз ақпарат келіп түсті”, – деді Данияр Сабырбаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Д. Сабырбаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің биыл талапкерлердің колледжге түсуі мен гранттарды бөлу форматын өзгерту қажеттігін айтты.

“Өйткені бізге көптеген сұрақтар қойылады және министрлік біздің сөзімізді мақұлдап отыр. Биыл колледждерге түсу тәртібі түбегейлі өзгереді деп үміттенеміз. ҰБТ бойынша да шешілмеген мәселелер бар. Осыған байланысты жобалық кеңсе жоғары сынып оқушыларын тестілеуге дайындайтын “Достық”, “Лидер” орталықтарының жұмысына талдау жүргізеді. Бұл орталықтарда дайындалған түлектердің тестілеуде жоғары балл жинауы сәйкестік пе, соны мұқият тексеру қажет”, – деді ол.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА