22.11.2024

Елордағы ата-аналар білім саласы бойынша өз ойларын ортаға салды

Астана қаласының білім басқармасы жыл сайынғы азаматтарды қабылдау күнін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық қабылдау М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтті. Онда ата-аналарды білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин және орынбасарлары мен барлық бөлім басшылары қабылдады. Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Ең көп сұрақ қосымша білім беру бөлімінің мамандарына қойылды. Сондай-ақ, ата-аналарды кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері қызықтырды.

«Ашық есік күні» форматындағы кездесулер өткен жылы басталған болатын. Шара мақсаты – елордалық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін өзекті сұрақтар мен мәселелерді шешу арқылы басқарма мен қоғам арасында «сындарлы диалог» құрып, өзара байланыс орнату және өзекті сұрақтарға жауап беру.

«Кездесуге келе алмағандар өз сұрақтарын әлеуметтік желілер арқылы жолдады», – деді білім басқармасының стратегия және сандық технологияларды талдау бөлімінің басшысы Жазира Асанова.

Одан бөлек, мектепке қабылдану үшін қандай құжаттар керектігі, жол жүру жеңілдігі, көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер қарастырылғаны жайлы қосымша ақпараттар жазылған парақшалар таратылды. Осы жерде қосымша ақпарат алу үшін білім басқармасы мамандарының телефондары да көрсетілген.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА