22.11.2024

Ғылыми гранттарды бөлу тікелей эфирде жүргізіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ғылыми гранттарды ашық әрі әділ бөлу жолдарын ұсынды.

“Елбасы тапсырмасына сәйкес, жас ғалымдарға арналған гранттарды 3 млрд теңгеге ұлғайту жоспарда бар. Сонымен қатар, ғылымды қаржыландыру жолдары мен Ұлттық ғылыми кеңесті (ҰҒК) реформалау толық қарқынмен жүріп жатыр. Біріншіден, ҰҒК жаңартылған құрамы жобасы министрлік сайтында тұр. Ғылыми қауымдастықтан барлық үміткерлер бойынша пікір айтуларын сұраймын. Наразылық болса да, қазір айту керек. Барлық пікірлер ашық түрде жарияланады және әрбір пікірге құлақ асамыз. Алдағы 20 күн ішінде ҰҒК жаңа құрамы туралы барлық пікір қабылданады”, – деді Ерлан Сағадиев Астанада министрлік алқасының кеңейтілген отырысында

Сонымен бірге, министр ұлттық ғылыми кеңес отырыстарын ашық өткізу жолдарын айтып берді.

“Ғылым комитетіне барлық нормативтік құжаттаманы түзету туралы тапсырма бердік. Жаңа нормативті де сайтқа салдық. Үшіншіден, Ғылым комитетіне ҰҒК келесі отырысын тікелей эфирден трнсляциялауды тапсырдық. Ал гранттардың бөлінуі үлкен залда баспасөздің қатысуымен  өтеді. Барлығы аквариумдегідей ашық өтуі тиіс”, – деді Е. Сағадиев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА