80 миллионнан астам теңгеге сапасыз жөндеу жүрігізілген білім ошағы жабылғаннан кейін, ондағы балалар 10 шақырым жердегі көрші ауылдың мектебіне қатынап оқып жүр.
Қызылжар мектебінде бала оқыту, жұмыс істеу тіпті де мүмкін емес дегенді айтады педагог мамандар. Өйткені, кейінгі кездері балалар арасында қышыма қотырға ұқсас белгілері бар ауру түрлері пайда болған. Ұстаздар да түрлі диагнозбен бірінен соң бірі ауруханаға түсе бастапты.
Жергілікті билік күрделі жөндеу жүргізген мердігер фирма өз былығын жою үшін бір ай уақыт сұрағанын айтады. – Мердігерлер ағаш еденді алып тастап, орнына бетон құямыз дейді. Негізі олардың жеті жылға берген кепілдемесі бар, бәрін де реттейміз деп отыр. Жұмыс біткеннен кейін санэпидстанса қызметкерлерін шақырамыз.
Егер олар рұқсат бермесе, онда балаларды көрші ауылға тасып оқыта беруден басқа амал жоқ, – дейді Бұқар жырау аудандық білім бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Айдар Оспанов.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы