«Соңғы жылдары мемлекеттік жастар саясаты саласында жүргізілген жұмыс аясында бірқатар бағытта оңтайлы қарқын байқалып отыр. Жастар халықаралық стандарттар деңгейінде орта және жоғары білімге қол жеткізді», – деді Дархан Кәлетаев.
Оның сөзінше, 15 жылда жоғары білімді 2 миллионнан астам кадр дайындалды. «Жоғары білімді мамандарды шығару 2,2 есеге артты. Техникалық және кәсіптік білім ұйымдары 18 пайызға өсті. Білім сапасы жастар үшін басты «әлеуметтік лифтіге» айналды», – деді министр.