22.11.2024

100 басым мамандық анықталады – білім министрі

Жаңадан сайланған министрдің айтуынша, 20 ілгері жоғары оқу орны мен 180 заманауи колледжді анықтау үшін ҚР Еңбек және xалықты әлеуеметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 100 басым мамандық анықталады.

«Қоғаммен, жұмыс берушілермен ақылдаса отырып, білім беру ұйымдарын анықтаудың негізгі критерийлері белгіленеді. Университеттер мен колледждер тізімі анықталып, олардың білім бағдарламалары экономиканың талаптарына сай өзектендіріледі. Ал анықталған 100 басым мамандықтарға сәйкес қажетті жабдықтар топтамасы бекітіледі. Колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары қарастырылып отыр. Оқу процесіне шетелдік мамандарды тарту көзделген», – деді К.Шәмшидинова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыста ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде берген тапсырмалары талқыға салынды.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысын көтеруді көздейді.

«Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асатын болады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп күтілуде. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері, оларлың көмекшілері, методистер, әлеуметтік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапxанашылар, вожатыйлар, буxгалтерлер, іс жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер сияқты басқа да теxникалық қызметкерлер бар. Қазіргі кезде ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде», – дейді К.Шәмшидинова.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/100-basym-mamandyk-anyktalady-bilim-ministri_a3503166

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА