22.11.2024

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ ӨСЕТІНІН АЙТТЫ

Қазақстанда шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер мен мәдени сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл туралы 5 наурызда Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астанада журналистермен кездесуде айтты, деп жазды azattyq.org.

«Шілдеде жалақы 30 пайызға өссе, біздің есебімізше, бір миллионға жуық қазақстандықтың айлығы көбейеді», – деді министр.

Сапарбаевтың сөзінше, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдіктерінде істейтін қызметкерлердің айлығы шілдеден бастап 25 пайызға өседі.

Баспасөз мәслихатына келген Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова әкімдікке келіп шағымданған әр ананың арызы жеке қаралатынын айтты. «Қазір алдымызда жұмыспен қамту мәселесі тұр. Жұмыс бастау үшін, жұмысын жалғастыру үшін жастарға грант бөлу жағын қарастырамыз. Көп баласы бар аналарға үйде отырып, жұмыс істейтін мүмкіндік беруіміз керек»,  – деді ол.

21 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті таратты. Ол Сағынтаев басқарған министрлер кабинетін “экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады” деп cынаған. Кейін Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалған. Назарбаев 27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының съезінде жаңа үкіметке халықтың тұрмысын көтеруді тапсырған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА