22.11.2024

Павлодарлық оқушылар киіз үйдің 2500 макетін жасады

Павлодарлық оқушылар «Шаңырақ» байқауы аясында киіз үйдің 2500-ден аса макетін жасады, деп хабарлайды Қазбілім сайты pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткен «Шаңырақ» жобасының жеңімпаздарын анықтау мақсатында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық конкурс-көрме ұйымдастырылды.

Өңірлік Білім басқармасынан хабарлағандай, шараның мақсаты – ұлттық шығармашылықты жаңғырту және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, ұлттық және патриоттық тәрбие беру.

Жобаға Павлодар облысының 312 білім беру мекемесінен барлығы 23006 оқушы қатысты.

«Шаңырақ жобасының шарттары бойынша 1,5 метрден жоғары 250-ден аса киіз үй жасалды. Ең кішкентай – 5 сантиметрлік киіз үй макетін Шарбақты ауданының Жылыбұлақ жалпы орта мектебінің оқушылары, ең биік – 3 метрлік киіз үйді есту және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат тәрбиеленушілері жасады. 5 сантиметрден 3 метрге дейінгі 2500-ден аса киіз үй макеті жасалды», – деді басқармадан. «Шаңырақ» облыстық конкурс-көрмесі келесідей аталымдар бойынша өткізілді: «Үздік ұлттық киіз үй», «Үздік креативті киіз үй», «Киіз үйдің үздік жасауы», «Үздік «Шаңырақ» брошюрасы, «Ең үздік сыртқы безендіру», «Алтын Орда», «Ақ күмбезді киіз үй».

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА