22.11.2024

Елордада жас педагогтар форумы өтеді

Елордалық білім: жаңа ұрпақ педагогы» атты форум жас педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарылатуға және Нұр-Сұлтан  қаласының білім беру басымдықтарымен таныстыруға бағытталған.

Ондағы мақсат – жас педагогтардың ортақ шығармашылық педагогикалық ортасын құру және жастардың азаматтық және қоғамдық бастамаларын дамыту мен белсенді шығармашылық қызметке араластыру үшін біріктіру.

Шараға жалпы білім беру мекемелерінің  28 жасқа дейінгі, 3 жылдан аспайтын педагогикалық өтілі бар педагогикалық қызметкерлері қатысады.

Айтулы білім шарасына елорданың арнайы таңдап алынған әр мекемесінен 2 педагог, барлығы 200 жас маман қатысады. Эссе қорытындысы бойынша  20 жеңімпаз анықталды. Бірі эссе жазу болса, екіншісі жеребе тастау арқылы 4 командаға бөлінді: «Нағыз Teachers», «ЖасStar», «Young people», «Ұшқын».

Форум төмендегідей іс-шаралардан құралады:

1) «Қалалық Білім басқармасы және «Әділет» білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподағы» ҚБ өкілдерімен кездесулер.

2)  «Мектеп – қазына аралы» шығармашылық студиясы. «Мен педагогпын» тақырыбында аудандар тобы бойынша тұсаукесер (уақыт: 10 минуттан аспауы керек);

3) «Жетістікке деген алғашқы қадамдар» атты интербелсенді орта. Аудандар бойынша топтардың интербелсенді тапсырмаларды орындауы (уақыт: 10 минуттан аспауы керек);

4) «Әдістемелік калейдоскоп» білімділік квесты. Аудандар және тақырыптар бойынша жас педагогтар тобының қызметіне байланысты шеберлік сағаты (уақыт: 15 минуттан аспауы керек).

Форумның барлық қатысушыларына сертификаттар ұсынылады. Номинациялар бойынша жеңімпаздар грамота және сыйлықтармен  марапатталады.

Шараны қалалық білім басқармасы «Әділет» білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподағымен бірлесіп өткізеді. Өтетін орны М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА