22.11.2024

Ата-аналар балаларымен сырласуды қойды

Ата-ана интернеттен бір ақпаратты немесе қанатты сөзді оқып алып, өзін білімді санайтын жағдайлар кездесіп жатады. Біз қазіргі уақытта ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспеу мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Балалар гаджеттерге айналып, өзімен өзі болып кетті. Қазір отбасылық қарым-қатынаста мынадай тенденция байқалады: ата-ана жатын бөлмеден шығып, жұмысқа кетеді – жұмыстан қайтып келіп, баласымен аз ғана әңгімелесіп, тамақтанғасын қайтадан жатын бөлмесіне тартады», – деді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тойкенова елордада өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұрын ата-аналар мен балалар жиі сырласып, ой алмасатын.

«Ата-анамыз бізге көңіл аударып, күнделікті өміріміз туралы көбірек сұрайтын. Одан қалды, әке-шешелеріміз аулада ойын ұйымдастыратын. Мүмкін, ата-аналар «қазір заман басқа, уақыт жоқ» дейтін шығар, дегенмен ол бөтен біреудің емес, сіздің балаңыз ғой», – дейді ол.

Министрдің кеңесшісінің айтуынша, әр ата-анаға өз баласына дұрыс қарау керектігін түсіндіру қажет.

«Біздің қоғамның проблемасы неде? Жүз ұстаздан бір әкенің тәлімі артық. Ал бізде балаларды мектепке сейф секілді әкеліп тастайды да, 11 сыныпта дамыған, тәрбиелі бала болып шыққанын қалайды», – дейді кеңесші.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА