22.11.2024

Күләш Шәмшидинова мектеп директорларын тағайындауға қатысты ұсынысты қолдады

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында журналистер оқырмандардың тарапынан түскен бір ұсынысты оқып берді.

«Бүгінде мектеп директорларының бес жылдан артық уақыт отыратын жағдайлары өте көп. Соны бес жылда бір рет оқытушылардың сайлауы арқылы жүргізуге болмай ма?», – дейді оқырмандар.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, бүгінде цифрлық теxнологиялардың арқасында біраз процестерді ашық жүргізуге мүмкіндік бар.

«Мысалы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша мұғалімнің бәрін «блатпен» алады деп айтады. Қазір бәрін электронды түрде жасайды. Сол жерде тесттен өтеді. Содан кейін кім қабылданды, кім қабылданған жоқ. Бәрі тұр. Біз соған бәрібір келеміз. Ал директорлардың бес жылда ауысып тұруына байланысты ұсыныс, шынын айту керек, маған қатты ұнайды. Бірақ қоғамды білесіздер. Біз қоғаммен ақылдасып, бәрін заңдастыруымыз қажет. Қазір мектеп директорларының босаған орындары конкурс арқылы өтеді. Осыны толықтыруымыз керек. Бір ақылдасып алайық. Шын мәнінде, бұл дұрыс болар еді деп есептеймін», – деді К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте білім министрі білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын.

Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 көтерілуі керек. Бүгінде арнайы тарифтік коэффицент бекітілді.

Бұдан бөлек, Күләш Шәмшидинова жалақының қалай артатынын нақты мысалмен көрсетті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА