22.11.2024

Түлектердің қанша пайызы жұмысқа орналасады

Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің 68 пайызы жұмысқа орналасады. Бұл туралы туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Майра Айсина мәлім етті.

Бүгінде қоғамда мектеп партасынан басталатын кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру бойынша айқын тұжырымдама болмай отыр. Соның салдарынан, Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің 68 пайызы және жоғары оқу орындары түлектерінің 75,6 пайызы ғана жұмысқа орналасады. Алайда, олардың біразы өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жоқ», – деді М. Айсина ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Оның сөзіне қарағанда, әлемнің дамыған елдерінде іс жүзінде барлық жерде кәсіптік бағдар берудің әртүрлі қызметтерінің кең желісі құрылған. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын кәсіптік бағдар беру мен кәсіптік іріктеудің 1200 орталығы арқылы 1 миллионнан астам америкалық жасөспірім өтеді. Ұлыбританиядағы, Жапониядағы кәсіптік іріктеуді қолданудың көп жылдық тәжірибесі оның тиімділігі жоғары екенін куәландырады.

М. Айсинаның пайымынша, Үкімет елімізде кәсіптік бағдар беру жұмысының тұрақты жүйесін кешіктірмей құру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Оның ішінде: мектеп партасынан бастап жастардың әртүрлі санаттарымен жүргізілетін Кәсіптік бағдар беру жұмысының тұжырымдамасын әзірлеу; жастарға кәсіптік бағдар беру проблемаларын шешуге арналған кәсіптік талдау, сараптау және консультациялық сервис орталықтары желісін құруы қажет.

«Біздің ойымызша, әрбір мамандық үшін нақты әзірленген,  олардың  сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетілген қазіргі де, жаңа және болашақтағы да кәсіптік стандарттар Кәсіптік бағдар беру жұмысы тұжырымдамасының құрамдастары болуға тиіс. Жастар жылында осындай тәсілді қамтамасыз етудің маңызы зор және ол еліміздегі адами капиталдың тиімді дамуына, соның ішінде балаларымыздың болашақтағы кәсібін таңдауы мен анықтауына қажетті көмек көрсетуге жол ашуға тиіс», – деді депутат.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА