22.11.2024

Түркістан облысында 24 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді

Түркістан облысында ағымдағы жылы мектепті 24 мыңнан аса түлек тәмамдайды. Наурыз айында 14 375 түлек ақылы тестке қатысып, білімдерін сынаған. Бұл туралы облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде сөз болды.

Жиында 2018-2019 оқу жылының аяқталу барысы мен алдағы уақытта өтетін ҰБТ-ға дайындық мәселесі айтылды. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Садықова атап өтуінше, 2018-2019 оқу жылында облыста 24 061 оқушы 11-сыныпты тәмамдайды.

«Мектеп бітірушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау күні жеңіл көлікпен жүрулеріне қатаң тыйым салу жөнінде аудан, қала әкімдеріне және білім бөлімінің басшыларына хат жолданды. Министрліктің Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ-ға қатысу құжаттар қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуір – 10 мамыр аралығында жүзеге асырылды», – деді ол.

Облыстық білім басқармасы басшысы міндетін атқарушысының бааяндамасын тыңдаған Өмірзақ Шөкеев аудандардағы оқу ордаларының жай-күйін реттеуді тапсырды. Бұл тұрғыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа нысандардың құрылысын бастау керектігін атап өтті.

Аймақ басшысы сонымен қатар мәжілісте  облыстың оңтүстік өңірлеріндегі аудандардың әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан баяу дамып жатқанын айтты.

«Облыстың оңтүстік өңірлеріндегі Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарында жол, құрылыс, инфрақұрылым, абаттандыру, газдандыру жұмыстары баяу, нашар жағдайда қалып отыр. Әлеуметтік нысандардың да көбісінің тозығы жеткен. Дамуы қарқынды Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандарынан өзге өңірлер тәжірибе алмасуы қажет. Елге қажетті әлеуметтік нысандар, спорт алаңшалары, саябақтар, автомобиль жолдары ретке келуі керек. Аталған аудандарды дамытуды жеке қадағалауыма аламын. Жергілікті әкімдерден белсенді жұмыс жүргізуді талап етемін», – деді Өмірзақ Шөкеев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА