22.11.2024

Темір жолға тақау елордалық мектептерде қауіпсіздік сабақтары өтті

Жазғы  демалыс қарсаңында елорданың локомотив депосы мен Нұр-Сұлтан стансасының теміржолшылары темір жолға тақау орналасқан мектептерде қауіпсіздік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мәліметінше, көптеген оқушы мектепке және үйіне  бара жатқан кезде күніне кемінде екі рет темір жолды кесіп өтеді. Осыған орай теміржолшылар балаларға жолдан қалай қауіпсіз өту керектігін айтып берді.

«Азаматтардың бейқамсыздығынан жолда басып кету оқиғалары орын алады. Олар жолдың рұқсат етілмеген жерін кесіп өтеді. Жастар құлақтарына құлаққап салып алып немесе ұялы телефонмен сөйлесіп  темір жолдың рельсімен жүреді. Сондықтан  локомотив дабылын естімей қалады. Салмағы 6 мың тонна болатын жүк құрамын бір сәтке де тоқтатуға болмайтынын есте ұстау керек. Пойыздың тежеу жолы кемінде 1 мың метрді құрайды. Сол себепті жарақат алу тәуекелі жоғары», – деді машинист-нұсқаушы Сырым Беков.

Статистикалық деректерге сәйкес, жыл сайын темір жол бойынша 100-ден астам қайғылы оқиға орын алады. Оның жартысына жуығында адамдар мерт болып жатады.

«Балалар темір жол көліктерімен көңіл көтеру, вагондарға міну үшін жиі келеді және мұндай ойынның салдары ауыр болуы мүмкін екендігін қаперге де алмайды. Демалыс уақытында ата-аналар мен мұғалімдердің тарапынан балаларға ерекше бақылау қажет», – деді Нұр-Сұлтан стансасының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас маманы Маржан Айтмағанбетова.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың қайталануының алдын алуға бағытталған бірқатар шара өткізеді. Мәселен, еліміздің бүкіл өңіріндегі теміржолшылар ЖІІБ, ӘТЖК қызметкерлерімен бірге темір жолда болу ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осы жылдың 1-тоқсанында 12 мыңнан астам адамға қауіпсіздік шаралары туралы дәріс оқылды. Оқу орындары мен кәсіпорындарында 700-ден астам кездесулер өтті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА