Home Жаңалық Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?

0

Қазақстанның Футбол Федерациясы әр жылдың соңында футболшылардың жылдық есебін жария етіп тұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2018 жылғы орта есепке сүйенетін болсақ, Қазақстан футболшылары АПЛ ойындарынан 148 мың АҚШ долларын, яғни сол уақыттағы бағаммен 55 млн теңге алып отырған. Бұл – жалпы топтың айлығы. Адам басына шаққанда әрқайсысы шамамен кемінде 3 млн 500 мың теңгеден алды. Бір айдың ішінде екі-үш кездесу өткізіп, қосымша уақытпен есептесек, 300 минут ішінде осындай қаржыға ие болады.

Мұғалімдер айына 55480 теңге алады, егер тәжірибесі екі-үш жыл болса… 2019 жылдың маусым айының 1-інен бастап 10-30% аралығында көтеріледі- мыс. Шәкірттерді тәрбиелеп, білім беріп, екінші анасы секілді қарағандары үшін  66382 теңге көлемінде жалақы алатын болады. Қосымша сағаттар үшін төленетін ақша құны 3 мың мен 10 мың теңге аралығында.

Демек, бір футболшы елу бес ұстаздың жалақысын қалтасына салып отырады екен. Қазақстанды әлемге танытып жатқан футбол командалары емес, тағылым берген мұғалімдер екенін естен шығармайық.

Дайындаған: Бек Байтас

«Қамшы» сілтейді

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version