Үкімет басшысы Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін тиісті жол картасын әзірлеуді жүктеді.
«Балалардың демалысын ұйымдастыру – маңызды мәселе. Ол әрбірімізге қатысты. Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарында балалардың демалысы жоғары деңгейде жоспарланған. Бұр жерлерде балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі толығымен шешілген. Аталмыш жұмысқа тиісті деңгейде көңіл бөлмеген өңірлер де бар. Атырау және Түркістан облыстарында осы бағытта нақты шараларды ұйымдастыруы тиіс. Әкімдіктер мен меценаттарды бұл шараға белсене атсалысуға шақыру қажет», – деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.
Асқар Мамин балаларды бай тарихымызбен, салт-дәстүрімізбен таныстыру үшін тақырыптық кездесулер мен шаралардың санын, сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
«Жалпы, Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстарын қолдаймын. БҒМ және жергілікті атқарушы органдарға санаторийлер мен туристік нысандардың, ұлтық саябақтардың жанында мыңға дейін жазу-оқу орталықтарын ашу, сонымен қатар жұмыс істемейтін нысандарды қайта жөндеу мәселелерін талқылауды тапсырамын. Күләш Ноғатайқызына тиісті жол картасын дайындауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері балалардың демалысын барынша жоғары деңгейде ұйымдастыруы керек», – деді Асқар Мамин.