07.11.2024

Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

Ерғали Сәткенов – солтүстікқазақстандықтарға ағаштан түйін түйетін, темірді балшықша илейтін шебер ретінде жақсы таныс. Оның қолынан шыққан дүниелер түрлі көрмелерде көрермен көзайымына айналған.

Бұл жолы ол қазақ батырлары орта ғасырларда киген салмағы 10 келіге жуық темір сауытты жасап шықты. Оған қажетті 560 пластинаның әрқайсысын қолмен қиған. Қалыңдығы 4 мм болғандықтан сауытты жебе тесе алмайды, қылыш та шаппайды.

«Жаугершілік заманда сауытты әр шебер өзінше жасаған. Кең тарағаны күбі сауыт. Оның 10 шақты түрі бар. Менің жасағаным да осы күбі сауыт. Қылыштың жүзі темірлерге тіреліп қалады. Металдың дөңес жағы үстіне қарайды. Сосын қазақтарда сауыттардың омыраулары ашық тұрады. Ол тұсты «бақ орны» деп атайды. Қазақтардың «бағың болса аман қаласың» дегені осыдан шыққан», – дейді Ерғали Шәмілұлы.

Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

Ерғали Сәткенов бұған дейін де әскери киімнің түр-түрін жасаған екен. Өйткені сауыт кию бала кезгі арманы болатын.

«Ұлдар қолымызға ұзын таяқ алып, қылыштасамыз. Сол кезде шыбық денеме қаттырақ тиген сайын «менде батырлардың сауыты болса ғой» деген балалық арман болатын. Кейін 10 жыл ішінде 7 сауыт жасап шығардым», – дейді Ерғали Сәткенов.

Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

Сол 7 сауыттың бүгінде үшеуі ғана шеберханада тұр. Оның біреуі былғарыдан істелсе, екіншісі темір шығыршықтардан жасалған. Қалғандарын таратып беріпті. Назарбаев зияткерлік мектебінде өнер пәнінен дәріс беретін Ерғали Шәмілұлы бүгінде жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін шәкірттерімен бөлісіп жүр. Жалпы қандай да бір затты жасамас бұрын оның тарихына үңілуді ұстаз-шебер әдетке айналдырған.

Петропавлда мектеп ұстазы батырлар киген сауытты жасап шықты

«Тарихи деректер бойынша, қара темір сауытты жер бетінде алғаш рет Алтай өлкесіндегі Авар тайпасы жасап бастаған деген мәлімет  бар. Осындай торғауыл сауыттар аварлардың әскерлерінде ғана емес, жылқыларының үстінде де болған. Мұны авар тайпасы еуропалықтардан бұрын, яғни ІІІ-ІV ғасырда жасаған. Аварлар кавказ арқылы еуропаға қарай көшіп осы өнерді сол жаққа таратқан деген пайым бар», – дейді шебер.

Қазір шеберханада сауыт, дулығадан басқа Ерғали Шәмілұлының қолынан шыққан қазақ батырларының қылыштарын да көруге болады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА