Білім минстірінің айтуынша, бірінше кезекте емтихандарды тест түрінде емес, жаппай жазбаша тапсыруға көшу керек.
– Алдымен емтихандарды жаппай тексеру қажет. Яғни жазбаша емтихандарды көбейтіп, тесті барынша азайтамыз. Сонымен қатар барлық жүйені электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз, – деді Күләш Шәмшидинова.
Оның айтуынша, диплом беруді электрондық форматқа ауыстырса, министрлік қатаң бақылау жасай алады.