22.11.2024

Асқар Мамин: ҰБТ кезінде талапкерлерді тексеруді әдептілікпен жүргізу керек

Үкімет басшысы Асқар Мамин тестілеу өткізілетін барлық орынның жұмысын нақты үйлестіруді тапсырды.

2017 жылдан бері тестілеу еркін түрде және жоғарғы оқу орындарына түсетіндер үшін ғана өткізіліп келеді. Биыл мұндай түлектердің саны 117 мыңнан асатынын көріп отырмыз. Білім және ғылым министрі атап өткендей, университеттердің ақылы бөліміне түсуге ниет білдіргендер үшін ҰБТ өткізілді. Ал 26 маусымнан бастап білім беру грантын мемлекет есебінен оқығысы келетіндер үшін тестілеу басталады. ҰБТ өткізуге дайындықты толығымен қамтамасыз ету керек. БҒМ міндеті – тестілеу өткізілетін барлық орынның жұмысын нақты үйлестіру. Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге ҰБТ тапсыруды қамтамасыз ету барлық шараларды қабылдауы тиіс. Талапкерлерді тексеруді әдептілікпен жедел жүргізу қажет», – деді Үкімет басшысы.

ҰБТ тапсыру жұмысын сапалы түрде ұйымдастыруды Үкімет басшысы әкімдерге тапсырды.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңір әкімдіктерінен ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұраған болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА