07.11.2024

Асхат Аймағамбетов қаржы жымқырған «көмекшісіне» қатысты пікір білдірді

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталған “көмекшісіне” қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, ведомстводағы персоналдарды басқару қызметінің қателігінен қаржы жымқырған қызметкер туралы ақпарат бұрмаланып кеткен.

«Министрліктің персоналдарды басқару қызметінің жұмысына бірқатар сұрақтар бар. Оның басшысының өз қызметіне сай емес әрекет жасағанын мәлімдеймін. Қызмет басшысы болғандықтан, барлық мамандарға сол жауап береді. Іс жүзінде министрлікте жұмыс істемеген адамды министрдің көмекшісі ретінде енгізіп қойған. Бұл жерде мен аталмыш қызмет басшысының кемшілігін көремін. Ол адамның өз қызметіне қаншалықты лайық екенін қарау керек», – деді ол.

Айта кетсек, 29 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісін анықтап, ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісін қамауға алғаны туралы мәлімет таратқан болатын.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА