22.11.2024

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында. Бұл туралы кеше елордада өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Осы елдің Президенті ретінде жастарды төніп келе жатқан сын-тегеуріндерге дайындау – шын мәнінде басым міндет саналады. Мен бұл жайында бірнеше рет айтқанмын, Қазақстанның болашағы шын мәнінде жастардың, ең алдымен білімді жастардың қолында.  Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметтеріне сәйкес, адами капиталдың әлемдік индексінде Қазақстан өткен жылы 35-орынға көтерілді, ал 2017 жылы ол 45-орында болған еді. Сонымен қатар, білім беруде 157 елдің ішінде 10-орында тұр. Әрине, бұл – жоғары, сенім ұялататын көрсеткіш. Дегенмен, біз осымен тоқтап қалмаймыз», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы осылайша заманауи білім беру моделі қалыптасатынын айтты. Білім беру құрылымдарын жүйелі дамыту шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Бізде 3 мың білім беру нысаны, оның ішінде шамамен 2 мың мектеп салынды. Қазақстандық оқушылар математика мен жаратылыстанудан үлгерім бойынша жаһандық рейтингтің алғашқы ондығына кірді. 500 колледжде 3 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту енгізілді. Қазіргі уақытта 200 мың студент бірінші жұмысшы мамандығын тегін алып жатыр. Жоғары білімі бар 2 млн 800 мың кадр дайындалды. Жұмыс берушілер, оның ішінде біздің шетелдік инветорлар да кадр дайындау ісіне белсене атсалысып жатыр», – деді Қ.Тоқаев.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА