22.11.2024

Министрлік ЖОО-ларға оқу ақысын өсіру туралы тапсырма берген жоқ – БҒМ

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан министрліктің ЖОО ақысын өсіру туралы тапсырма бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жайында БҒМ кеңесшісі Facebook парақшасында жазды.

«Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпарат таралып жатыр. Тіпті, қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20%-ға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын», – деп жазады Ерболат Мұхамеджан.

Оның сөзінше, елімізде 131 ЖОО бар, соның көбі – жекеменшік, ал олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды.

«Ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді.Жалпы ақпарат үшін айта кетейін, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны – 350-420 мың теңге. Біразында осы жылғы оқу ақысы, керісінше, арзандады. Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті», – дейді БҒМ өкілі.

Десе де, кейбір ЖОО оқу ақысын шамамен 4-8%-ға өсірді. Ол студент пен университет арасындағы келісімнің нормаларына сәйкес.

Ерболат Мұхамеджанның жазуынша, көптеген ЖОО-лар оқу ақысын өзгеріссіз қалдырды. Мысалы, Сәтбаев университеті, ПМУ, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, ЕТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран-Астана, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Қарағанды экономикалық университеті, Әуезов атындағы ОҚМУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – IITU, Семей қалалық медицина университеті, ҚазҰАУ және тағы басқалар.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА