22.11.2024

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

Астанада «Назарбаев зияткерлік мектептері» базасында шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған бірінші «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі ашылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агентігі хабарлады.

Екі апталық жазғы мектепте балалар ана тілін үйреніп, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін зерделейді.

Жиынға Ресей, Иран, Моңғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде тұратын 150-ге жуық бала жиналды. Оларды ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қарсы алды.

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

Жазғы мектеп «Отандастар» қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылған.

«Әлемде 16 млн-ға жуық қазақ өмір сүрсе, оның үштен бірі шет елдерде тұрады. Өзім көптеген елдерге барып, шеттегі қазақтардың өз мәдениетін, салт-дәстүрін, тамырын білмейтінін байқадым. Әрине, олардың кінәсі жоқ, себебі өзге тілде білім алады. Біздің басты міндетіміз – әлем бойынша ұлтымызды сақтау. Сондықтан, балаларға жазғы мектеп ұйымдастыруды бастадық. Алдағы уақытта балалар санын 4 мыңға дейін көбейткіміз келеді», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

Балалар елорданың басты туристік нысандары – ЭКСПО орталығын, Бәйтеректі, Тұңғыш Президент кітапханасын, Әзірет Сұлтан мешітін, Бейбітшілік жәнен келісім сарайын аралайды. Сонымен бірге, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне, «Алжир» музейлік-мемориалдық кешеніне, ашық аспан астындағы «Бозоқ» археологиялық-этнографиялық музейіне, «Родина» агрофирмасы мен «Аққайың» тәлімбағына бару жоспарланған. Ұлттық музейде «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында тарих сабағы өтеді. «Қазақстан Ғарыш Сапарында» балалар Байқоңыр ғарыш айлағының тарихымен танысады.

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

Және оқушылар Назарбаев университетіне, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен С. Сейфуллин атындағы аграрлық университетке барады.

«Ұлттық аспаптар, қолданбалы өнер, халық биінен шеберлік сыныптары және жаратылыстану-математика бағыты, ротоботехника, дизайн бойынша STEM-оқыту, көшбасшылық пен шешендік өнерден тренингтер өтеді. Қазақстанның мәдени байлығына тереңірек үңілу үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің «Туған елге тағзым», «Қазақтың 100 әні», «100 күй» жобалары көмектеседі. «100 кітап» жобасы бойынша шетелдік қонақтарға кітаптар көрсетіледі», – дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, балалар үшін «Ұлттық аспаптар сағаты», «Ұлттық ойындар сағаты» және ұлттық асхана фестивалі ұйымдастырылады.

Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды
Шетелдегі қазақ диаспорасының балалары елордаға жиналды

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА