07.11.2024

Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

Балаға ұдайы түрлі сыйлықтар жасап тұрған дұрыс. Бірақ сыйлықты талғаммен және  кез келген баланың жас шамасын ескере отырып таңдағаныңыз абзал. Бүгін біз ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып балаларға қандай сыйлықтар ұсыну керектігі жайлы аз сөз қозғамақпыз.

Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды. Бірақ өте қымбат ойыншықтар мен өте көп ойыншық балаларға зиянды, ол тоқмейілсушілік, шектеулік, өзімшілдік секілді нашар қасиеттерді ұялатады.

Екінші бір сыйлық балаға жас кезінен бастап оның түсінуіне жеңіл суретті кітапшалар. Суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы оның бойына кітапқа деген сүйіспеншілік дарытуға, оны күтіп ұстауға үйретуге болады.

Оларға жас кезінен бастап сурет салуға арналған құралдар, бастапқыда қарындаш пен бор, ал одан соң акварель  бояуларын (4-5 жасқа толған соң), сыйлауға болады.

Мектеп оқушыларына жасына сай оқитын ктіап, мектеп жабдықтарын, үстелге қойып ойнайтын ойындар  немесе дойбы, шахмат ойындарына арналған бұйымдарды, велосипедті сыйға тартуға болады.

Есі кіріп қалған бүлдіршінге доп, шаңғы, шана,ролик, бокс қолғабын тарту етсеңіз де пайдалы болмақ.

Балаларға бұлардан басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-кешектер берген ұнайды. Тіпті екі жасар қыздың өзі әдемі туфлиді, көбелекті, ленталы көйлектерді, алжапқышты бағалай біледі.

Баларға қолыңыз босап жатса ұнататын тағамдарын дайындап беріп, қыдыртуға алып шығыңыз. Мереке күні  хайуанаттар бағына, театрға алып барсаңыз, бала санасында  ерекше әсер қалатындығы анық.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА