07.11.2024

Мектептердің жартысына жуығы салынғанына 40 жылдан асып кеткен – Асхат Аймағамбетов

Осы мәселеге байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әкімдіктерден қаржыландыру амалдарын қарастыруды сұрап отыр.

«Биыл 6 678 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуге келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апаттық мектептердің өсуін туындататын мектептерді жөндеу жұмысын толығымен қаржыландырмайды.

Мектептердің 44 пайызы 1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктерден күрделі жөндеуге тиісті қаржыландыру амалдарын қарастыруын сұраймын», – деді министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, биыл 323 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл қажеттіліктің 45 пайызын ғана құрап отыр. «10 тамыздағы жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы күрделі жөндеу 129 мектепте аяқталып, 194 мектепте жалғасуда. Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі туындағанымен, Үкімет басшысың тікелей тапсырмасы бойынша бұл мектептерде қосымша жұмысшылар тартылып, олар 2-3 ауысымда жұмысты жалғастырып жатыр.

Жалпы, менің өзім де біраз мектептерді аралап қайттым. Бақылау департаменттері де тексерді. Жалпы, жұмыс қарқыны жақсы. Осы мектептер 1 қыркүйекке дейін жұмыстарын аяқтайды деп есептейміз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА