«2019 жылдың 11-16 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының құрама командасы ҚХР-дың Гуйчжоу провинциясы, Цзуньи қаласындағы Батыс Қытай математикалық олимпиадасына қатысты.
Олимпиадаға Сингапур, Филиппин сынды елдерден 212 оқушы (26 команда) қатысты», – делінген ресми хабарламада.
Нәтижесінде, Қазақстан құрама командасы 4 медаль – 2 алтын және 2 күміс жүлде жеңіп алған. Жеңімпаздар арасында Атырау облысы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айбек Мырзатаев (алтын), Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебінің» 11-сынып оқушысы Айдар Әмірин (алтын), Алматы қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мирас Нағашыбек (күміс) және елордалық «Республикалық физика-математика мектебінің» 11-сынып оқушысы Санжар Мәжит (күміс) бар.
Жалпы есепте қазақстандық команда 168 ұпай жинаған.