«Өмір сапасы дегеніміз не? Ол дегеніміз асфальт төселген көшемен жүру, балалардың жақсы мектептерде білім алуы. Облыстағы барлық мектептерде IT-бағдарламалау сыныптарын ашқан еліміздегі алғашқы өңірміз. Бұл үлкен нәтиже беріп жатыр. Біз ұлттың бәсекеге қабілетті лі гін айтқан кезде, бәсекеге қабілетті ұлт – біздің балаларымыз екенін түсінуіміз керек», – деді Даниал Ахметов.
Өңір басшысы хабарлағандай, келесі жылдан бастап IT-бағдарла мала у сыныптарының барлық мұғалімдері әлемдік талаптарға сай білім алады. Демек, оқушылар да Лондон мен АҚШ-тағыдан кем білім алмайды.
«Елімізде 11 оқушыға бір компьютерден келеді, ал бізде – алтаудан. ШҚО-да IT-бағдарла мала у сыныптарының 70% ашылған. Біз әрі қарай дамып, келесі жылы оқытушылардың дайындығын халықаралық стандартқа шығаруымыз керек», – деп түйіндеді Ахметов.