Home Жаңалық Білім министрі оқушылардың еден жууына қатысты пікір білдірді

Білім министрі оқушылардың еден жууына қатысты пікір білдірді

0

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  мектепте оқушылардың сынып еденін жууы бастамасына қатысты пікір білдірді.

«Ең алдымен мұндай мәселе Білім және ғылым министрлігінің күн тәртбінде тұрған жоқ. Екіншіден,  бүгінгі күні ел ауқымында жүзеге асырылмайды. Үшіншіден, мектеп бюджетінде тиісті қаражат пен әкімшілік-техникалық қызметкер штаты қарастырылған. Төртіншіден, мұндай жұмыстарға оқушылардың бастамасымен және ата-аналардың келісімімен ғана рұқсат етіледі», – деді министр БАҚ өкілдеріне.

Оның атап өтуінше, Қазақстанда мәжбүрлі жұмысқа тиісті органдар ғана тарта алады.

«Әрине, еңбекке баулу мектептегі оқу-тәрбие жұмысының өте маңызды бөлігі екендігі сөзсіз. Мектеп те, отбасы да еңбекке баулуы тиіс. Сондықтан мұндай жұмыс жүргізіледі және мектептерде түрлі шаралар арқылы жүзеге асырылады. Осы шаралар арқылы ғана бірден еңбекке деген сүйіспеншілік оятуға болады деп ойлау жөн емес. Дегенмен, бұл да маңызды мәселе», – деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің атап өтуінше, ата-аналар үйлерінде балаларына ыдыс-аяқ, еден жуғызу, үй жинау сынды  жұмыстарға араластырып отыруы қажет.

«Бұл балаларды кішкентай кезінен тәрбиелеудің қарапайым  ғана дүниесі. Толықтай алғанда, өте дұрыс мәселе көтеріліп отыр деп есептейміз. Дегенмен, оны науқаншылдыққа айналдырып жібермеу керек. Бұл ретте ата-аналар мен балалардың бастамасы болуы тиіс», – деді ол.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version