Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған.
Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен.
Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды.
Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.