26.11.2024

Елордадағы Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беру ұсынылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайын әл-Фараби атымен атау ұсынылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты. Оның айтуынша, бастаманы қоғам белсенділері қолдап отыр.

«Қоғамның пікірі өте маңызды. Депутаттар, Ассамблея мүшелері де Оқушылар сарайына әл-Фараби атын беруді қолдайды деп ойлаймын. Бұл сұрақты әлі де талқылаймыз», – деді әкім орынбасары Достық үйінде Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелде.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 26 тамызында Мемлекет басшысының Жарлықтармен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды.

 

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА