Home Жаңалық Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады

Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады

0

2019 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздің 6 жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы. Нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде әртүрлі дәрежедегі бұзушылықтар анықталды. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша белгілі болған сәйкессіздіктерді жою және білім беру қызметін заңнама нормаларына сәйкес келтіру бойынша ЖОО-ға ұсынымдар берілді, бірақ әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылған жоқ», – делінген хабарламада.

ЖОО қызметін талдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілген. Профилактикалық бақылау барысында білім беру ұйымдарының қызметі мен оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері, біліктілік талаптары жіті тексерілді.

«Анықталған бұзушылықтарды жоюға берілген мерзім өз шегіне жеткеннен кейін, министрлікпен сәйкессіздіктерді жоюды бақылау бойынша қайта тексеру жүргізілетін болады. Білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактісі қайта анықталса, ЖОО-ны білім беру қызметін жүргізуге лицензиядан айыру бойынша материалдар сот қарауына жіберілетін болады»- деп хабарлады баспасөз қызметі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version