Home Үздік Қарағандыда үздік ұстаздарға облыс әкімінің сыйлығы табысталды

Қарағандыда үздік ұстаздарға облыс әкімінің сыйлығы табысталды

0

Кәсіби мереке қарсаңында ұстаздарға Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Педагогтар 14 номинация бойынша марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат агентігі хабарлады.

Марапаттау рәсімі Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтті. Әкім сыйлығы мен дипломдарын 13 педагог алды. Тоғыз ұстазға «Қалдырған ізі мәңгілік» меценаттарынан 500 мың теңге көлемінде арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін педагогика саласының еңбек ардагері Күліш Төлеуханова миллион теңге сыйақы алды.

Салтанатты рәсімді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ашты.

«Мен мектеп мұғалімдерін үлкен ризашылықпен еске аламын, тіпті қазір де осы сахнада мен өзімді тақтаның жанында тұрған оқушы ретінде сезінемін. Бүгін Мемлекет басшысы адамдарға инвестиция салу, білім беруге және балаларымыздың болашағына инвестиция салу қажеттігін айтады. Бұл, қазіргі уақытта мемлекет үшін ең маңызды актив», – деді ол.

Аймақ басшысы облыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыруға кіріскенін атап өтті. Бұл тізімде-педагогтердің жалақысын арттыру, есеп беруді төмендету, мұғалімдерді бөгде іс-шараларға тартуға тыйым салу және т.б жаңашылдықтар бар.

Іс-шараның құрметті қонағы және 40 жылдан астам еңбек өтілі бар оқытушы Күліш Төлеуханова «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» атты бас марапатының иегері атанды. Ол педагогтар отбасында дүниеге келген және мамандықты таңдау уақыты келгенде, әулеттің ізін жалғастыруды шешкен. 1972 жылы Қарағанды педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Жезқазған қаласының орта мектептері мен педагогикалық училищесінде сабақ берді. Күліш Төлеуханова Серке Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының директоры болды, Қарағанды мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. Көптеген педагогикалық конференциялар мен семинарларға қатысты.

Мерекелік концертте қонақтар үшін Қарақат Әбілдина, Қадырәлі Болманов, Медет Салықов, Клара Төленбаева, «Витебск -2019» эстрадалық ән орындаушылар халықаралық байқауының гран-при иегері Әділхан Макин, сондай-ақ вокалдық және хореографиялық ансамбльдер өнер көрсетті.

Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына келесі ұстаздар ие болды:

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» номинациясы

Юлия Валерьевна Ким – «Ақжарқын» балабақшасының тәрбиешісі. Ол «Заманауи білім беру технологиялары» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпазы, «XXI ғасырдағы білім: әлемдік тәжірибе және перспективалар» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпазы. «Мастер-классты үздік әзірлеу», «Сабақты үздік әзірлеу» республикалық байқауларының жеңімпазы.

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясы

Алмагул Байхазан, Осакаров ауданы № 1 тірек мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. «Үздік авторлық бағдарлама-2019» ашық республикалық фестивалінің жеңімпазы.

«Үздік пән педагогы» номинациясы

Ардақ Адбығұлова, №7 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда тәжірибе жинақтап шыққан. Оның есімі «Мәңгілік ел ұстаздары» ІІІ республикалық антологиясына енгізілді. Облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын дайындады.

«Инновациялық білім беру ұйымдарының үздік педагогы» номинациясы

Ольга Зейналова, Абай ауданының №14 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі. А.Байтұрсынов атындағы шығармашылық педагогкалық олимпиаданың, «ДЕМИ-УРГ» педагогикалық олимпиадасы, «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық идеялар байқауының жүлдегері. «Тірі карта» жобасы аясында облыс педагогтарына шеберлік сабақтар өткізді. Оның оқушылары түрлі олимпиадалардың жүлдегерлері.

«Пәндік олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік педагог» номинациясы

«Мұрагер» мектеп-интернатында Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қымбат Смағұлов. Оның оқушылары облыстық «Ақберен» байқауының, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің, қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасының, Қ. Бітібаева атындағы Республикалық қазақ тілінен өтетін олимпиаданың жеңімпаздары болып табылады. Ол 18-ші «20 жыл ішіндегі өзгерістер тәжірибесі» Ұлттық оқыту конференциясында тәжірибе жинақтады. Бірнеше рет «қала-ауыл», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау» жобалары шеңберінде облыс мектептері үшін шеберлік сабақтар, оқыту семинарларын өткізді. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

«Үздік педагог-психолог» номинациясы

Ильяшова Сымбат Берікқызы – Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейінің педагог-психологы. Қарағанды облысының педагог-психологтары ассоциациясының жетекшісі. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша облыстық деңгейдегі шебер-жаттықтырушы. Сарыарқа телеарнасының «Ойталқы» телевизиялық шоуының қатысушысы. Біздің облысты 2017 жылы бірінші Еуразиялық психологтар конгресінде таныстырды. Психологиядан республикалық қашықтық олимпиада жеңімпаздарын дайындады.

«Үздік әлеуметтік педагог» номинациясы

Гүлжан Мұхсинова, Ақтоғай ауданындағы Нұржанов атындағы Тірек мектебінің қызметкері. Ол «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік педагогтің жұмыс жүйесі», «Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтай алды.

«Үздік қосымша білім беру педагогы» номинациясы

Әлия Үтенова, Балқаш Оқушылар сарайының қызметкері. «Ең үздік мектептен тыс шаралар», «Ең үздік сынып сағатын әзірлеу», «Заманауи білім және компьютерлік технология» республикалық байқауларының жеңімпазы.

«Балалар үйінің үздік педагогы» номинациясы

Газезова Динара Райханқызы, «Тәрбие жұмысы арқылы психикалық дамуы тежелген балаларды дамыту» әдістемелік құралының авторы.

«Арнайы (түзету) мектеп-интернаттардың үздік педагогы» номинациясы

Мамедова Рита Имановна – дефектолог-мұғалім, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 облыстық арнайы мектеп-интернаты директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. «Оқы және үйрен» кәсіби өсу мектебі» облыстық оқыту семинарларының спикері. Электронды оқулықтың әзірлеушісі, арнайы түзету мектебіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша бағдарламаның тең авторы.

«Үздік өндірістік оқыту шебері» номинациясы

Гүлнәр Жұмина, Қарағанды технология және сервис колледжінің шебері. Оның оқушылары WORLDSKILLS KARAGANDA және WORLDSKILLS KAZAKHSTAN байқауларының жүлдегерлері.

«Колледждің үздік оқытушысы» номинациясы

Елена Свердлова, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің» математика және арнайы пәндер оқытушысы. WORLDSKILLS KARAGANDA чемпионатының бас сарапшысы. «Web – дизайн» құзыреттілігі бойынша WORLDSKILLS KARAGANDA аймақтық чемпионатының қатысушысы. «Smart-педагог» республикалық интернет-сайысының жүлдегері, «Педагогтың үздік портфолиосы» атты Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасының жеңімпазы.

«Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясы

Светлана Дроздовская, №1 гимназияның орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. Ол-Қазақ КСР халық білімінің үздігі. Осымен отыз жылдан астам уақыт бойы таңдаған мамандығына адал болып келеді. Әдістемелік жұмыспен айналысады, түрлі байқауларға қатысады. «Нобель сыйлығының лауреаттары-ақындар» хрестоматиясының әзірлеушісі. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қатысушысы, облыстық авторлық бағдарламалар байқауының 2019 жылғы жеңімпазы. «Әдістемелік вернисаж»облыстық фестивалінің жүлдегері.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version