22.11.2024

Мұғалімдер заңсыз төленбей келген жалақыларын өз қолдарына алды

Атыраулық прокурорлардың көмегімен мұғалімдер өздеріне тиесілі 250 млн теңгені алды.

Білім беру органдарын тексеру кезінде қалалық мектептердің 4 мың педагогіне жалақысына қосып берілетін үстеме ақы төленбегені анықталды. Оқытушыларға тиесілі үстеме ақы бірнеше жыл бойы төленбей келген. Төленбеген үстеме ақының жиынтық мөлшері 250 млн теңгеге жуық. Осы үстеме ақыны төлеу үшін қала бюджетінен қаражат қарастырылмаған. Сондықтан прокурорлар араласқаннан кейін жергілікті атқарушы орган бюджеттік өтінім әзірлеп, оны мәслихат мақұлдады. Қазір педагогтарға тиесілі төлемдер толығымен берілді», – деп мәлімдеді Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері қала прокуратурасы 5 мыңнан астам адамның конституциялық құқын қорғаған.

 

 

Автор: А. Соколов

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА