Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Еліміздегі барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар – балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары – мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз» деді ҚР Президенті.