22.11.2024

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру бойынша үздік ондыққа кіреді- БҒМ

Еліміз мектепке дейінгі білім беру бойынша алдыңғы елдер қатарында. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев мәлім етті.

Қазір біздің ел білім беру саласында әлем елдері арасында жоғары позицияда тұр. Нақты айтқанда, мектепке дейінгі білім беру бойынша Қазақстан үздік ондық елдердің қатарына кіреді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл дегеніміз «Балапан» бағдарламасының дұрыс жүзеге асырылуы, оған дәлел қазақстандық балалар 95% мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Сондай-ақ еліміз орта білім беру бойынша да жақсы көрсеткіштерге ие. Атап айтқанда, TIMSS халықаралық бағдарламасы бойынша біз үздік 30-дыққа кіреміз. Әрине шешілуі тиіс мәселелер жоқ емес» – деді А.Өрсариев елордада өткен ұстаздар күніне арналған мерекелік кеште.

Оның сөзіне сенсек, білім саласындағы күрделі мәселелердің бірі педагогтардың мәртебесі.

«Тәуелсіздік алғалы көптеген зерттеулер мен сараптама жасалды. Сол секілді түрлі зерттеулер нәтижесінде байқағанымыз бізде педагог мәртебесінің тиісті деңгейде болмауы. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің жалақысы бойынша Орталық Азия бойынша біраз елдерден арттамыз», – деді ол.

Еске сала кетсек, кеше елордада ұстаздар күніне орай «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік шара өтті.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА