Home Керекті кеңес Сіз шетелде де тегін оқуға болатынын білесіз бе?

Сіз шетелде де тегін оқуға болатынын білесіз бе?

0

Әлемнің 50 мемлекетінен 300-ге жуық университет мамандары қатысқан ауқымды шарада шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырып, жергілікті жастарға шетелде білім алудың жолдарын түсіндірді.

Көрмеге келген сарап­шы­лар­­дың пікірінше, қазіргі таңда еу­ро­­палық 200-дей университет қазақстандық студенттерге гра­нт бөліп отыр. Яғни 20 мың қа­зақстандықтың Еуропа елде­рін­де білімін жетілдіруге мүм­кін­­дігі бар. Бүгінде 150 мың от­ан­дасымыз сырт мемлекетте оқып жатыр. 2025 жылға дейін олар­дың саны 400 мыңға жетуі мүм­кін. Халықаралық біліммен жүйелі айналысып жүрген сарапшы Жанболат Мелдешов мұндай шара қазақ жастарының сапалы білім алуына жақсы мүмкіндік бере­тінін айтады.

– Біздегі мектеп түлектерінің 34 пайызы ғана жоғары білім­мен қамтылады. Шетелде бұл көрсеткіш 50 пайызды құрайды. Егер Қазақстан әлем елдеріндегі осындай көрсеткішке қол жет­кіз­­се, қазіргі таңда отандық ЖОО-ларда 800 мыңнан аса студент оқуы керек еді. Біріншіден, жо­ғары білім алушылардың бар­­лығы бірдей қазақстандық уни­­верситеттерге сыймайды. Екін­шіден, біздегі кей ЖОО-лардың сапасы көңіл көн­шіт­пейді. Үшінші бір себеп, елі­міз­де кейбір мамандықтар даяр­ланбайды. Бәрінен бұрын халық­аралық білім халықаралық деңгейдегі маман болуға жағдай жасайды. Франция туризмді тегін оқытады, Германия инженерлік мамандарға грант бөледі. Неге осындай мүмкіндікті пайдаланып, балаларымызды оқытып алмасқа! Бізде дипломы бар адам көп, бірақ біраз салада маман жетіспейді. Мұндай мәселені шешудің бір жолы – шетелдің қымбат оқуына қалтадан қаржы төлемей, тегін қол жеткізіп, сұра­ныс­тағы маман болу. Ал осындай мүмкіндіктерді жастарымыз біле бермейді, – дейді Ж.Мелдешов.

Көрмені ұйымдастырып отыр­ған Bolashaq Development Fund төрағасы Алмас Сатылғанов шараның жыл сайын өткізілетінін жеткізді.

– Осы көрмеге шетелде оқы­ғы­сы келетіндер өзі қалаған мем­ле­кетінің университеттерімен қарым-қатынас орнатып, олар­дың пайдалы кеңесімен бола­шақ­та сол елдерге баруына мүмкіндік алып жатыр. Былтыр 5 мың қазақ­­стандық шетелдік университеттерге оқуға түсті, – дейді ұйым­дастырушы.

Айта кетейік, шараны қолға алған коммерциялық емес ұйым адам капиталын дамы­ту, білім беру ортасын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да Қазақстан жас­тарының кәсібилігі мен шығар­ма­шылығын нығайтуды, сонымен қатар әлем­дік университеттер мен жергі­лік­ті жоғары оқу орын­дарының тәжірибе алмасуын көздейді.

1807 жылы құрылған Герма­ния­дағы FHWS техникалық уни­верситетінің Шығыс Еуропа бойынша үйлестірушісі Наталья Куделя қазақстандық жастардың білімге деген құштарлығы қуан­тар­лық екенін айтады.

– Назарбаев зияткерлік мек­те­­­бінің түлектері жан-жақты дамы­ған. Ағылшын тілін жетік меңгерген. Олардың оқуға құш­тар­лығы да жоғары. Әсіресе физика, математика пәндерінен алғыр екенін байқадық. Биыл біздің университетімізге 30-ға жуық қазақ студенті келді. Әлі де құжат тапсырып жатқандар бар. Алдағы уақытта біздің университеттегі шетелдік студенттер саны 150-дей болса, соның үштен бірі қазақстандықтар болады деп жос­парлап отырмыз, – дейді Н.Куделя.

Шарада шет мемлекетте білім алудың жолдары ғана емес, цифр­лы технология, білім жүйе­сін жетілдіру мәселелері талқы­лан­ды. Семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Білім көрме­сіне келушілер арнайы грант­тар мен жеңілдіктер туралы та­ным­дық ақпарат алды. АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мен ТМД елдерінің озық универ­си­тет­те­рінен келген көрме алдағы күндері еліміздің бірнеше қала­сында жалғасын таппақ. Нақ­ты­рақ айтсақ, Шымкентте 8-9 қазан (Rixos Khadisha), Алматыда 11-13 қазан (Балуан Шолақ атындағы Спорт және Mәдениет кешені), Атырауда 14 қазан (Sultan Palace), Оралда 15 қазан (Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры) және Ақтөбеде 16 қазан (Өнер орталығы) күніне жоспарланып отыр.

 

Айдана Шотбайқызы

“Егемен Қазақстан” газеті

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version