26.11.2024

Мектеп әлемін өзгертетін – ұстаздар: Елордада халықаралық конференция басталды

Елордада мыңнан астам педагогтың қатысуымен ХІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Жыл сайын өтетін бұл конференцияны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе ұйымдастыруда. Конференцияның «Мектеп әлемін өзгертетін – ұстаздар» деп аталу себебі – биыл мемлекет тарапынан ұстаз мәртебесіне үлкен көңіл бөлініп отыр», – деді конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов.

Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде алғаш рет педагог мәртебесі туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын да атап өтті.

«Бұл шешімді қоғам болып құптап отырмыз. Мұғалімді қолдау – болашағымызды қолдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мұғалімдердің қатысуымен өткен Тамыз кеңесінде мемлекеттің білім саласына ерекше ден қойып, көңіл аударатынын көрсетті. Мұғалім жалақысынан бастап материалдық-техникалық база мен жаңа мектептер салуға қатысты үлкен жобалар іске асуда», – деді елорда әкімі.

Конференцияға еліміздің әр өңірінен келген мұғалімдер, ғалымдар, білім мекемелерінің басшылары, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Израиль, Норвегия, Франция, Испания, Ресей, Түркия, жалпы алғанда 17 мемлекеттің өкілдері қатысуда.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА