22.11.2024

Ақтөбелік оқушы Түркиядан жеңіспен оралды

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Санжар Хамит Анталияда өткен халықаралық пән олимпиадасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазбілім порталы Ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Санжар Хамит география пәнінен І орын, ағылшын тілінен ІІІ орынды иеленді. «Санжар Хамит 7 сыныпта оқып жүргенде ағылшын тілін жетік білетінін байқаған болатынмын. Содан оны мектеп олимпиадасына дайындалуға шақырдым. Ол бірінші орынға ие болды және жеңіс жолы осылай басталды», – деді зияткерлік мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жанна Бакиршинова. Түркияда өткен олимпиада екі бөлімнен тұрды. Олар тестілеу және пән мен туризм бойынша практикалық кезең. Санжар Хамит география олимпиадасының 160 қатысушысының ішінен оза шықты. «Олимпиадалардың арқасында өзін-өзі дамытуға деген қызығушылық пайда болды. Анталиядағы жеңістен кейін мен өзімді әртүрлі бағытта сынап көргенім бекер емес екенін түсіндім. Енді жаңа белестерді бағындыруға тырысамын», – деді 9 сынып оқушысы С. Хамит. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және басқа ТМД елдерінен келген орта кәсіптік білім беру орындарының студенттері қатысты.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА