22.11.2024

Қазақ-түрік лицейлері жабыла ма?

Түркия үкіметінің шет елдердегі түрік мектептерінің қызметіне көңілі толмайды. Білім ордаларының қызметін тоқтату қажет деп санайды. Түркия премьер-министрі бұл мектептер ұлттық мүддеге қарсы насихат жасайды деген пікірде. Реджеп Тайып Ердоған жуырда өткен сайлаудан кейін әлемнің 160 елінде жұмыс істеп жатқан екі мыңдай түрік мектебін жабу керек деп кесті.

Бұл шешімді Түркияның сыртқы істер министрі де қолдады. Ахмет Давутоғлының айтуынша, шетелде қызмет ететін отандастары Түркияның бүгінгі саясатын айыптап, ел имиджіне нұқсан келтіріп жүр. Естеріңізде болса, сайлау алды тартыста премьер-министр Тайып Ердоған үкіметінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы барлығы жөнінде әлеуметтік желіде түрлі ақпараттар жарық көрген.

Ал Ердоған «Хызмет» қозғалысының негізін қалаушы Фетхулла Гүлен мен жақтастары мұны ел ішінде тұрақсыздық орнату үшін таратып отырғанын және сайлаудан соң оларды түп тамырымен жоятынын мәлімдеген. Айта кетейік, шет елдердегі түрік лицейлерінің басым бөлігі Гүлен басқаратын “Хызмет” қозғалысының қолдауымен құрылған.

Ахмет Давутоғлы, Түркия республикасының сыртқы істер министрі:

Шетелдегі түрік мектептері – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Оқиғаның дәл осылай өрбуіне Түркияны қаралайтын арыз-шағымдардың жазылуы себеп. Кезінде бұл мектептерге барынша қолдау көрсеттік. Шетелге жасаған әр сапарымызда түрік мектептеріне бас сұқпай кетпейтінбіз. Ал қазір шетелде қызмет ететін азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері Түркияға, өз отанына қарсы хат жазып жан-жақты қаралап жатыр. Олардың кімге қызмет етіп отырғаны белгілі болды. Біз оларға шара қолдануымыз тиіс.

Дегенмен мұндай ұйғарым Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына әсерін тигізбейді. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі секем алудың қажеті жоқ деп сендірді. Айтуларынша, лицейлерде білім Қазақстанның оқу бағдарламасы бойынша беріледі. Олар арнаулы білім беретін дарынды мектептер санатында. Қазір республикамызда 30 қазақ-түрік лицейі бар. Білім ордаларында 8 мыңнан астам шәкірт оқиды, 800-дей ұстаз еңбек етеді. Ұстаздардың 86 пайызы қазақстандық мұғалімдер.

“Астана” телеарнасы

-ЖАРНАМА-spot_img

7 COMMENTS

  1. Түрікке құлдық ұрып түратын санасыз, қазақтарды тәрбиелейтін бұл мектепке ұлт болып қарсы тұрып, жабылғанша шулауымыз керек

  2. Қаншама иманды азаматтарды тәрбиелеп отырған, еліміздің діни сауатын арттыру мақсатында аянбай қызмет етіп келе жатқан ағаларымызға Алла разы болсын! ҚТЛ -нің ғұмыры ұзақ болғай!

  3. Жоқ, жабылмасын! Имандылыққа тәрбиелеп, дұрыс білім беретін жалғыз осы қазақ түрік лицейлері, қалғандары былжырақ білім… Көре алмағандар іші күйсе тұз жаласын!

  4. “Жемісі бар ағашқа халық тас лақтырады” демекші, қазақ-түрік лицейлеріне лақтырылған тағы бір “ТАС” деп есептейік.

  5. “Ит үреді, көш жүреді” деген де бар еді ғой, қазақ-түрік лицейлері “КӨШІН” жалғастыра береді. Бұған еш күмәніңіз болмасын, ИншАлла…

  6. 2014-2015 жылға жалпы медицинаға неше грант бөлінді. Неге айтпай жатыр, Өткен жылы бәрін ерте білетін едік. Білім министрі не істеп отыр биылғысы?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА