22.11.2024

Білім министрі ЖОО-ларды жабу құқығын алғысы келеді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне жоғары оқу орындары лицензияларын қайтарып алу және жабу құқығы берілуі қажет. Бұл туралы кеше аталған ведомоствоның басшысы Асхат Аймағамбетов айтты.

Бүгінде шешімді сот қабылдайды. Ал біз мемлекеттік орган ретінде лицензия бергеннен кейін өкілетті орган ретінде аталған лицензияны қайтарып алу, айыру құқығымыз болуы қажет. Бұл норма таяу арада беріледі деп үміттенемін», – деді министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, мұндай норма қазіргі уақытта Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасында көрініс тапқан.

«Мәжілісте әкімшілік кодекске өзгерістер талқыланып жатыр. Бұл норма қабылданады деп үміттенемін. Аталған норманың қабылдануы Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-лар біліктілік талабына сай болмаған жағдайда жедел әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді», – деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің дерегінше, бүгінде Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны өте көп.

«Бізде жоғары оқу орындары өте көп. Егер олар талапқа сай болмаса, онда біз оларды жабамыз. Қазіргі уақытта студенттердің басқа жоғары оқу орындарына ауысуын ауырпалықсыз жүргізу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Себебі мұнан студенттер зардап шекпеуі қажет»,- деді министр.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА