Өзекті мәселелердің бірі жоғары оқу орындары студенттердің шәкіртақысын көтеру екендігін жақсы білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, шәкіртақы 2016 жылдан көтерілген жоқ. Бірақ, оның объективті себептері болды. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадым. Толықтай алғанда бұл шамамен 130 мың адамға қатысты болады», – деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті дәл осындай қолдау колледж студенттеріне де көрсетілетіндігін айтты.
«Естеріңізде болса, осы жылдың қыркүйегінен жұмыс мамандығыны алып жатқан 122 мың шәкірттың шәкіртақысы 30 пайызға артты. Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан орта араулы білім алатын колледж студенттерінің шәкіртақысын 25 пайызға арттырады. Бұл тағы да 100 мың адамға қатысты. Бұл шаралар студенттерімізге жақсы қолдау боларына сенемін»,- деді Қ.Тоқаев.
Еске салсақ, 2020 жылдың қаңтарынан бастап студенттердің шәкірақысы 25 % өсетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.